Қазақстанның інжу-маржаны , таңғажайып әндер мен поэтикалық аңыздар өлкесі- Бурабай. «Жүз рет естігенше, бір рет барып көр»,-деп дәл осы әсем өңір туралы айтылғандай. Бурабайдың әр тасы, мәңгі жасыл орманындағы соқпақ жолдары, суы мөлдір көлдері тұнып тұрған аңыз сияқты.Алыстан қол бұлғап, мұнартып көрінетін көгілдір тауларды бойлай таласа өскен қарағайлар көкке ұмтылады.Айнадай жарқыраған көлдердің жағалауында қалың көктеректер мен жайқалып өскен , мың бұралған аппақ биші қайыңдар ерекше сән бергендей. Шілде айында мөлдіреп піскен жабайы таңқурай, қойбүлдірген,жидектің хош иістері мұрныңды жарады.Дәмін татсаң, тіліңді үйіреді. Бурабайдың ауасы дертке дауа, өйткені қылқан жапырақты ағаштардан бөлінетін эфир майлары өкпе ауруларына мың да бір ем екендігін медицина баяғыда дәлелдеген. Жазда бұл өңірде ыстық болмайды.Қысы сонша суық болмайды, тек қаңтар айында ғана сары аяз өзінің өр мінезін көрсетіп, солтүстіктің суық мінезін танытады.
Если ответ по предмету Қазақ тiлi отсутствует или он оказался неправильным, то попробуй воспользоваться поиском других ответов во всей базе сайта.